A A A
ҚР мемлекеттік рәміздері Мемлекеттік бағдарламалар Мемлекеттік
сатып алулар
Қазақстан 2050 Қуатымыз - бірлікте
Руководитель
Үсенов Ұлантай Төлеутайұлы
Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы
Опрос
Сайттың жаңару жеделдігіне сіздің бағаңыз?
  • Ақпарат жедел және сапалы жаңарады
  • Ақпараттың жаңаруында мүдіріс бар
  • Жаңару жедел, бірақ кішкентай өлшемдермен
  • Қажетсіз ақпараттар көп
  • Жаңару байқалмайды
Архив

"Бақытты отбасы" бағдарламасы туралы

2019  жылдың 22 шілдесінен бастап облыста көп балалы, толық емес отбасылар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасын іске асыру басталды. Бағдарламаға сәйкес, мұқтаж отбасылардың Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіден тұрғын үй сатып алуға жылдық 2 % 20 жыл мерзімге ипотекалық несие бастапқы 10 % төлеп, алуға мүмкіндіктері бар.

«Бақытты отбасы» бағдарламасының басталуы және іске асырылуы туралы хабарландырулар әкімдіктердің ресми сайттарында және Интернет-ресурстарда жарияланып тұрады.

2020 жылдың 28 ақпанындағы жағдай бойынша Қарағанды (137), Теміртау (25), Сәтпаев (8), Саран (6), Жезқазған (6), Шахтинск (5), Балқаш (9), Қаражал (1) қалалары мен Бұқар-Жырау (8), Жаңаарқа (7), Абай (4), Ақтоғай(1), Шет (5), Ұлытау (2) аудандардың  224 отбасы жалпы сомасы 1 млрд. 904 млн. 199 мың теңгені құрайтын  тұрғын үй заемдарын алды.

Оның ішінде: көп балалы отбасылар – 78, толық емес отбасылар – 120, мүгедек балалары бар отбасылар – 26.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларының тәртібіне сәйкес несие алушылардың әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын алу мүмкіндігі бар.

 «Бақытты отбасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс 2020 жылда жалғасады.

 

 

Телефон:
+7 7212 560 905
г. Караганда
Гоголя 34, 100035