A A A
ҚР мемлекеттік рәміздері Мемлекеттік бағдарламалар Мемлекеттік
сатып алулар
Қазақстан 2050 Қуатымыз - бірлікте
Руководитель
Үсенов Ұлантай Төлеутайұлы
Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы
Опрос
Сайттың жаңару жеделдігіне сіздің бағаңыз?
  • Ақпарат жедел және сапалы жаңарады
  • Ақпараттың жаңаруында мүдіріс бар
  • Жаңару жедел, бірақ кішкентай өлшемдермен
  • Қажетсіз ақпараттар көп
  • Жаңару байқалмайды
Архив

«2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру

Сумен жабдықтау және су бұру
2015 жылы «2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында Қарағанды, Жезқазған, Сәтпаев, Приозерск қалалары мен Бұқар жырау және Ұлытау аудандарының ауылдарындағы сумен жабдықтау және су бұрудың 12 объектісінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғастырылды.
Жыл қорытындысы бойынша 5 объект пайдаланымға берілді, оның ішінде Қарағанды қаласында 2 объект, Жезқазған қаласы, Бұқар жырау және Ұлытау аудандарында бір объектіден.
Қарағанды қаласында екі орамды диаметрі 630 мм, ұзындығы 9 шақырым болатын №2 су таратқышты толықтай қайта құру, сондай-ақ Жезқазған қаласында Қостангелді және Бекболатсай шағынаудандарында ұзындығы 41,457 шақырым болатын су құбырының желісін қайта құру аяқталды. Аталған жұмыстар сумен жабдықтау бойынша халыққа қызмет көрсетудің сапасын жақсартып, су құбыры желілеріндегі апаттардың санын төмендетуге, тасымалдау кезінде судың жоғалуын қысқартады.
Бұқар жырау ауданының Петровка ауылында және Ұлытау ауданының Алғабас ауылында су құбыры желісі салынып, қайта құрылды. Аталған ауылдардың халқы орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізді. Су құбыры желілері үйге тікелей жалғанды.
Нәтижесінде бүгінгі таңда 225 ауылдық елді мекен немесе 53,4% яғни жалпы санының жартысынан артығы орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізді.
Қала бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізгендер 85,3% құрайды.
Бағдарламаға сәйкес 2020 жылға Қарағанды облысының қалаларын 100% ауылдық елді мекендерін 80% орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділіктерін қамтамасыз ету жоспарлануда.
Ағымдағы жылы екі объектіде құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғастырылатын болады, оның ішінде 2013 жылы басталған Қарағанды қаласының № 3 магистральді сутаратқышын қайта құру және өздерінің пайдаланым мерзімдерін өткерген Приозерск қаласының тазарту қондырғыларын қайта құру.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар тек сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуына байланысты проблемаларды шешіп қана қоймай, сондай-ақ жергілікті рельефке ағынды судың төгілуі мен Балқаш көлінің ластануына байланысты өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартады.
Облыстың тұрғын үй қорына қатысты.
Мемлекет Басшысының "Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам" атты мақаласында атап өткендей тұрғын үй, пәтер – әрбір қазақстандық үшін бірінші орындағы мәселе. Тұрғын үйді пайдалану, тұрғын үй қатынастарын жетілдіру мәселелерін шешу үшін уақыт жаңа тәсілдерді талап етеді.
Азаматтардың өмір сүру жағдайын жақсарту және көппәтерлі тұрғын үйлерді пайдалану сапасын белгіленген талаптарға сәйкестендіру мақсатында «2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту» бағдарламасының шеңберінде көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеу бөлігінде Қарағанды, Саран, Сәтпаев қалаларындағы 10 көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу үшін 2015 жылы республикалық бюджеттен қаражат бөлінді. 2 лифт, 6 автоматтандырылған жылу пункттері орнатылды, үйішілік инженерлік желілер толығымен ауыстырылды, термооқшаулауды қолдана отырып, 10 үйдің шатыры мен қасбеттеріне күрделі жөндеу жасалды. Аталған аулаларда қосымша балалар ойын алаңдары орнатылды.
Қайтарымды қаражат есебінен Қарағанды және Саран қалаларында 3 көпқабатты тұрғын үй жөнделді.
 

Телефон:
+7 7212 560 905
г. Караганда
Гоголя 34, 100035