A A A
ҚР мемлекеттік рәміздері Мемлекеттік бағдарламалар Мемлекеттік
сатып алулар
Қазақстан 2050 Қуатымыз - бірлікте
Руководитель
Үсенов Ұлантай Төлеутайұлы
Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы
Опрос
Сайттың жаңару жеделдігіне сіздің бағаңыз?
  • Ақпарат жедел және сапалы жаңарады
  • Ақпараттың жаңаруында мүдіріс бар
  • Жаңару жедел, бірақ кішкентай өлшемдермен
  • Қажетсіз ақпараттар көп
  • Жаңару байқалмайды
Архив

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама (01.03.2019ж.)

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

D-О-2 санаты үшін: жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы                                 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №289 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-О-2

163166

220681

 

«Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ (100000, Қарағанды облысы, Қарағанды. қ, Гоголь к-сі, 13 үй, анықтама үшін телефон: 8(7212) 56-09-04,  факс: 
8 (7212) 56-09-27, электрондық пошта: 
as.musagalieva@karaganda-region.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:

«Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысының орынбасары (1 бірлік, 
№ 1-2, D-О-2 санаты).

            Функционалдық міндеттері:

        Басқарманың қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді Аймақтағы елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру бойынша мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Су инфрақұрылымын дамытуға инвестициялық саясат жүргізеді. Сумен жабдықтау және су бұру саласында жұмыс істейтін кәсіпорындардың меншік нысанына қарамастан, тұтынушыларды ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету және аймақтағы су бұру қызметтерін үйлестіреді. Облыстың тұрғын үй қорын ұстау, сақтау, жөндеу және оңтайландыру, қалалар мен елді мекендерді санитарлық тазарту және көгалдандыру бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс жүргізуді үйлестіреді. Бюджеттік ұсынымдарды жоғары деңгейлі бағдарлама әкімшілеріне дайындайды және ұсынады. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін бюджеттік инвестициялық ұсыныстар әзірлейді және ұсынады. Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының бөлімдері бойынша ұсыныстар мен келісімдер әзірлейді. Бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асырады, бақылайды және бағалайды. Басқармада бухгалтерлік есеп, бюджеттік бағдарламалардың орындауы бойынша мониторинг, әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстарды үйлестіреді. Ішетін сумен жабдықтаудың жалғыз баламалы көзі болып табылатын ең маңызды топ пен жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінің елді мекендеріндегі ауыз сумен жабдықтау қызметтерінің құнын субсидиялау жұмыстарын ұйымдастырады. Ауданда ауыз сумен жабдықтаудың балама емес көздері болып табылатын аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен елді мекендерде ауыз сумен жабдықтау қызметтерін субсидиялауға бөлінетін бюджеттік қаражаттарды пайдалануға мониторинг жүргізеді. Коммуналдық меншіктегі су құбырларын, ағынды суларды тазарту құрылыстарын қайта құру және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Мемлекеттiк тапсырысқа сәйкес инженерлiк инфрақұрылымды салу, қайта құру, күрделi және ағымдағы жөндеу жөнiндегi жұмыстарға мониторинг жүргізеді. Жергілікті елді мекендер үшін жерасты суларын барлауды ұйымдастырады және жүргізеді.   Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика) немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар»  (жылу энергетикасы, электр энергетикасы, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, құрылыс) мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының Су Кодексі, Қарағанды облысындағы жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидаларын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге  жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-де өтеді. Аталмыш лауазымға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Қағидаларының 91-тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________

__________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсөткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________

_______________________________________________________________

 

________              ____________________________________

(қолы)                   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 ____ ж.

 
Телефон:
+7 7212 560 905
г. Караганда
Гоголя 34, 100035