A A A
ҚР мемлекеттік рәміздері Мемлекеттік бағдарламалар Мемлекеттік
сатып алулар
Қазақстан 2050 Қуатымыз - бірлікте
Руководитель
Үсенов Ұлантай Төлеутайұлы
Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы
Опрос
Сайттың жаңару жеделдігіне сіздің бағаңыз?
  • Ақпарат жедел және сапалы жаңарады
  • Ақпараттың жаңаруында мүдіріс бар
  • Жаңару жедел, бірақ кішкентай өлшемдермен
  • Қажетсіз ақпараттар көп
  • Жаңару байқалмайды
Архив

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос және уақытша бос орындарына орналасуға «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама (01.03.2019ж.)

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

D-О-3 санаты үшін: жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы                                 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №289 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-О-3

109898

148300

 

«Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ (100000, Қарағанды облысы, Қарағанды. қ, Гоголь к-сі, 13 үй, анықтама үшін телефон: 8(7212) 56-09-04,  факс: 
8 (7212) 56-09-27, электрондық пошта: 
as.musagalieva@karaganda-region.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:

1. «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы (1 бірлік, № 9-1, D-О-3 санаты).

Функционалдық міндеттері:

        Бөлім жұмысына жалпы басшылық жасайды және бөлімінің қызметіне жауапты.  Тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Өңірдің тұрғын үй-коммуналдық саясатқа қатысты жоспарларын, нысаналы бағдарламаларын және жоспарларын әзірлеуге, іске асыруға қатысады. Тұрғын үй қорын сақтау және тиісті қамтамасыз ету үшін кондоминиум объектілерін басқару органдарының қызметін бақылау үшін тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады.Тұрғын үй қорын сақтау және дұрыс пайдалану бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Елді мекендер және қалалы аумақтарды көгалдандыруды, жасыл кеңістікті сақтау және қорғау Ережесін әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады және мәслихатқа бекітуге ұсынады. Бюджет қаражатын жоспарлауға және нысаналы трансферттерді жоспарлауға және бөлуге қатысуды жүзеге асырады, инженерлік инфрақұрылым объектілерін қайта құру үшін облыстық бюджетті қалыптастыру кезінде ұсыныстар енгізеді. Инновациялық технологияларды енгізу бойынша жұмысты үйлестіреді және ұйымдастырады.

        Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар»  (құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі) мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын,  «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

2. «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ энергиямен жабдықтау және энергоүнемдеу бөлімінің басшысы (1 бірлік, № 7-1, D-О-3 санаты, 2021 жылғы 2 шілдеге дейін негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне).

Функционалдық міндеттері:

        Энергиямен жабдықтау, энергоүнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында бөлім жұмысына жалпы басшылық жасайды, бөлімнің алдына қойған міндеттерді орындалуын қамтамасыз етеді және бөлімнің қызметі үшін жауап береді. Өз құзыреті шегінде энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы республикалық және аймақтық бағдарламаларды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Тиісті аумақты дамыту бағдарламасына энергия тиімділігін арттыру шараларын енгізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызмет атқарады. Энергияны үнемдеу және инновациялық технологияларды енгізу саласында жұмысты ұйымдастырады және үйлестіруді қамтамасыз етеді.

        Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «техникалық ғылымдар және технологиялар»  (жылу энергетикасы, электр энергетикасы, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, құрылыс)  мамандықтары бойынша;Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Электр энергетикасы туралы», «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы»Заңдарын, Жылу энергиясын пайдалану Ережесін және Электр энергиясын пайдалану Ережесін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге  жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-де өтеді. Аталмыш лауазымға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Қағидаларының 91-тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________

__________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсөткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________

_______________________________________________________________

 

________              ____________________________________

(қолы)                   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 ____ ж.

Телефон:
+7 7212 560 905
г. Караганда
Гоголя 34, 100035