A A A
ҚР мемлекеттік рәміздері Мемлекеттік бағдарламалар Мемлекеттік
сатып алулар
Қазақстан 2050 Қуатымыз - бірлікте
Руководитель
Үсенов Ұлантай Төлеутайұлы
Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы
Опрос
Сайттың жаңару жеделдігіне сіздің бағаңыз?
  • Ақпарат жедел және сапалы жаңарады
  • Ақпараттың жаңаруында мүдіріс бар
  • Жаңару жедел, бірақ кішкентай өлшемдермен
  • Қажетсіз ақпараттар көп
  • Жаңару байқалмайды
Архив

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама (27.07.2018г.)

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-2 санаты үшін: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда №14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-О-2

163166

220681

«Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ (100012, Қарағанды облысы, Қарағанды. қ, Әлиханов. к-сі, 13 үй, анықтама үшін телефон: 8(7212) 42-47-67,  факс: 
8 (7212) 41-11-28, электрондық пошта: 
as.musagalieva@karaganda-region.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:

«Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысының орынбасары (1 бірлік, 
№ 1-1, D-О-2 санаты).

Функционалдық міндеттері:

Энергетика саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады. Электр және жылу энергиясы саласында халықтың қажеттілігін қанағаттандыру, жылу жүйелерінің, электр жүйелерінің, жылу көзінің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша жұмысқа қатысады. Жылу маусымына дайындық және жылу маусымын өткізу бойынша шараларды орындауды бақылау жүргізеді және әзірлеуге қатысады. Мемлекеттік және аумақтық бағдарламалармен бекітілген қалпына келетін энергия көздерін енгізу, жылу және электр жүйелерін модернизациялау, дамыту және қайта құру, газбен жабдықтау, энергияны үнемдеу және энергетиканы дамыту шараларды орындау бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады. Жылу энергетикалық кешен саласында ғылыми-техникалық және инвестициялық саясатты жүргізеді. Тіршілікпен қамтамасыз ету, тұрғын үй және әлеуметтік мәдени тұрмыстық объектілердің қысқы жағдайларда жұмыс істеу бойынша шараларды орындау мониторингін жүргізеді және әзірлейді. Облыстық энергетика қызметінің төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс сұрақтары бойынша құжаттарды (мониторинг) жүргізеді. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне жеткізілетін жылу энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу жобаларын ведомстволық бағынысты аумаққа орналастырылуын келіседі.  Қазақстан Республикасының бас газдандыру сызбасын әзірлеуге қатысады. Күзгі-қысқы кезеңде жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары және олардың жұмыс істеуін дайындауға және жүзеге асыруға бақылауды жүзеге асырады. Жылу желілерінде (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексерулер жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүргізеді. Жылу  желілерін (магистральдық, орамішілік) жоспарлы жөндеуді келіседі. Күзгі-қысқы жағдайларда барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) дайындық паспорттарын беруді, 110 кВ-тық және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары құрылыс қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станциялары үшін техникалық орындылығы туралы қорытындысын беруді ұйымдастырады. Тұрмыстық баллондарды және газбен жабдықтау жүйелері объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына бақылау жұмысын ұйымдастырады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерінде лифтілердің, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке алуды және есептен шығаруды жүзеге асырады.

        Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «техникалық ғылымдар және технологиялар»  (жылу энергетикасы, электр энергетикасы, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі) мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Электр энергетикасы туралы», «Газ және газбен жабдықтау туралы»,  «Азаматтық қорғау туралы» Заңдарын, Қарағанды облысындағы жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидаларын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондықпочтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының,Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдықбірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың жәнесаяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілеттіорганның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________

__________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсөткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін жәнеорындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыстелефоны____________________________

_______________________________________________________________

 

________            ____________________________________

(қолы)                 (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 ____ ж.

Телефон:
+7 7212 560 905
г. Караганда
Гоголя 34, 100035