A A A
ҚР мемлекеттік рәміздері Мемлекеттік бағдарламалар Мемлекеттік
сатып алулар
Қазақстан 2050 Қуатымыз - бірлікте
Руководитель
Үсенов Ұлантай Төлеутайұлы
Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы
Опрос
Сайттың жаңару жеделдігіне сіздің бағаңыз?
  • Ақпарат жедел және сапалы жаңарады
  • Ақпараттың жаңаруында мүдіріс бар
  • Жаңару жедел, бірақ кішкентай өлшемдермен
  • Қажетсіз ақпараттар көп
  • Жаңару байқалмайды
Архив

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» MM-нің хабарламасы(07.11.2017)

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.  
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы

min

max

Д-О-4

83 282

112 430

«Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ (100012, Қарағанды облысы, Қарағанды. қ, Әлиханов. к-сі, 13 үй, анықтама үшін телефон: 8(7212) 42-64-27,  факс: 8 (7212) 41-11-28, электрондық пошта: adm_otdel@bk.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:
1. «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ жылуды, электр желілерін,  қазандық және тұрмыстық газ шаруашылығы объектілерін, көтергіш қондырғыларды бақылау бөлімінің бас маманы (1 бірлік, № 8-3, D-О-4 санаты).
Функционалдық міндеттері:
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерінде қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің қауіпсіз пайдалануды бақылауды жүзеге асырады. Бақылау мақсаттарына қол жеткізу үшін бақылау ауқымы мен көлемін және қажетті еңбек ресурстарын міндетті түрде көрсете отырып жылдық бақылау іс-шара жоспарын әзірлейді. Анықталған бұзушылықтарды жою үшін бақылау нәтижелері бойынша нұсқама береді. Бөлім басшысына жүргізілген бақылаудың нәтижелері туралы есеп берілді және нұсқама жобасын енгізеді. Бақылау қорытындысы бойынша қабылданған шешімдерді және бақылау объектілеріне жіберілетін нұсқамалардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке алуды және есептен шығаруды жүзеге асырады. Іскерлік хат-хабарларды жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.
        Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 
Білімі – жоғары «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Электр энергетикасы туралы» Заңдарын, Жылу энергиясын пайдалану Ережесін және Электр энергиясын пайдалану Ережесін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
2. «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ энергиямен жабдықтау және энергоүнемдеу бөлімінің бас маманы  (1 бірлік, № 7-2, D-О-4 санаты, 2018 жылғы 26 тамызға дейін негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы мерзіміне).
Функционалдық міндеттері: Жаңартылған энергия көздерін дамыту саласындағы бөлім алдында тұрған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді. Өз құзіреті шегінде жаңартылған энергия көздерін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Жаңартылған энергия көздерін дамыту саласындағы республикалық және аймақтық бағдарламалардың орындалу барысындағы жұмыстарды үйлестіреді. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау желісіне жеткізілетін жылу энергиясын өндіру үшін жаңартылған энергия көздерін пайдалану бойынша объектілердің облыс аумағындағы құрылысы жобаларын келістіреді. Жаңартылған энергия көздерін пайдалану бойынша қондырғыларды сатып алуда жеке тұтынушыларға мекенжайлық көмек көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Электрмен жабдықтау бойынша қызметтерді пайдалану нормаларын бекіту мәселелері бойынша, облыс әкімдігінің қаулысы жобасын дайындайды, бекітуге жолдайды. Өз құзыреті шеңберінде облыс әкімінің қаулыларын, шешімдерін және өкімдерінің жобаларын әзірлейді. Салалық министрліктерге, жоғарғы атқарушы органдарға шұғыл және талдамалық ақпараттарды әзірлеп ұсынады.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 
Білімі – жоғары «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, жылу физика); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Электр энергетикасы туралы», «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңдарын, Жылу энергиясын пайдалану Ережесін және Электр энергиясын пайдалану Ережесін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
3. «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ әкімшілік бөлімінің бас маманы (1 бірлік, № 4-3, D-О-4 санаты).
Функционалдық міндеттері:
Тиісті қаржы жылына қаржылыққа сәйкес, құзыретіне кіретін сұрақтары бойынша басқарма бөлімдерімен бірігіп, мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Мемлекеттік сатып алудың бекітілген жоспарына сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтерге мемлекеттік сатып алу өткізу жұмыстарын үйлестіреді, ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Сатып алынатын тауарлардың, жабдықтардың, қызметтер және жұмыстардың техникалық ерекшелігін көрсете отырып, техникалық және пайдалану сипаттамаларын әзірлеу. Сатып алынатын жұмыстардың техникалық және сапалы сипаттамаларына толық талап етілетін ерекшеліктерін дайындайды. Кепілдеме мерзімдері, орындалатын жұмыстарға сәйкес келетін стандарттарды көрсетеді. Конкурс құжаттарын әзірлеу және конкурстық ұсынымдарды бағалау бойынша ұсыныстарды әзірлейді. Конкурс қорытындысы және ашу хаттамасын дайындайды. Құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша басқарма бөлімдермен бірігіп мемлекеттік сатып алулар бойынша келісім-шарттарды әзірлейді. Құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша басқарма бөлімдерімен бірігіп конкурс құжаттарын әзірлейді. Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды уакытында өтуін ұйымдастырады, конкурстық комиссия жұмысына қатысады.  Жоспарланған, орналастырылған және өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтерге мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарға мониторинг жүргізеді. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтерге мемлекеттік сатып алу бойынша ай сайынғы, тоқсан және жылдық есептерді әзірлейді. 
       Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 
Білімі – жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын; Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын; «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
4. «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ сумен жабдықтау және су бұру бөлімінің бас маманы (1 бірлік, № 10-2, D-О-4 санаты).
Функционалдық міндеттері:
Елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүелерін дамыту кешенінің ағымдағы және келешектегі міндеттерін шешуге бағытталған бағдарламаларды іске асыру жұмыстарды ұйымдастырады. Сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындардың тұтынушыларға беретін коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды. Облыстың елді мекендерінде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің қызметіне бөлінген бюджеттік қаражаттың пайдаланылуына мониторинг жүргізеді. Қазақстан Республикасының құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетіне бюджеттік өтінімдерді әзірлейді, ұсынады.  Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бюджеттік инвестициялық ұсыныстарды әзірлейді және ұсынады. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру бағалауды және мониторингті қарайды, іріктеуді жүзеге асырады. Табиғи монополиялар субъектілеріне ТМРАД бірлесіп инвестициялық бағдарламаларды келіседі. Коммуналдық қызмет көрсету ережелерін әзірлеуге қатысады. Жетекшілік жасайтын бағыт бойынша мониторинг жүргізеді, ақпарат жинайды, есептерді дайындайды. Сумен жабдықтау және су бұру объектілерін пайдалану мәселелері бойынша негізгі нормативтік-құқықтық актілерін түсіндіру бойынша әдістемелік жұмысты ұйымдастырады.
       Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 
Білімі – жоғары «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», Қазақстан Республикасының Су Кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін; «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
        Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар
1) уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық
куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану
және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын
Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып  тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама  нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға
дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы  3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың
көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
          Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде  тапсырады.
Құжаттар электронды түрде «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi  әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне  қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы  құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар  және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үшжұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. 
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан
Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады. 
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

                                                                                                                             Нысан

Өтініш
Мені________________________________________________________
____________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс
өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс
телефоны___________________________________
__________________________________________________________________
________            ____________________________________
(қолы)                 (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

                                                                                                                          Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ 
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»


_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / 
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 
     

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата

 

 

Телефон:
+7 7212 560 905
г. Караганда
Гоголя 34, 100035