A A A
ҚР мемлекеттік рәміздері Мемлекеттік бағдарламалар Мемлекеттік
сатып алулар
Қазақстан 2050 Қуатымыз - бірлікте
Руководитель
Үсенов Ұлантай Төлеутайұлы
Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы
Опрос
Сайттың жаңару жеделдігіне сіздің бағаңыз?
  • Ақпарат жедел және сапалы жаңарады
  • Ақпараттың жаңаруында мүдіріс бар
  • Жаңару жедел, бірақ кішкентай өлшемдермен
  • Қажетсіз ақпараттар көп
  • Жаңару байқалмайды
Архив

Төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің хабарламасы(25.10.2016)

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 
30 желтоқсанда № 12639 тіркелген, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы 

min

max

D-O-4

83282

112431

 

«Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ (100012, Қарағанды облысы, Қарағанды. қ, Әлиханов. к-сі, 13 үй, анықтама үшін телефон: 8(7212) 42-64-27, факс: 8 (7212) 41-11-28, электрондық пошта: yekh_karobl@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:
         1. «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ мемлекеттік сатып алу және құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы (1 бірлік, № 3-3, D-О-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Басқарманың бөлімдерімен дайындалатын ақпаратқа талдау жасауды және жинақтауды жүзеге асырады. Басқармада жаппай құқықтық білім беруді ұйымдастырады. Іскерлік корреспонденцияны, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырады. Құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, бұйрықтар мен басқа құқықтық түріндегі құжаттрадың жобаларын дайындауға қатысады. Қабылданған бұйрықтардың заңдылығына жауап береді. Басшыға қол қоюға берілген бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, қаулылардың, өкімдердің, келісім шарттардың және басқа құқықтық түріндегі құжаттардың жобаларының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады. Мемлекеттік мекеменің ережесін жетілдіреді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес әділет органдарында тіркеуді жүзеге асырады. Белгіленген тәртіпте басқарманың мүддесін сотта, прокуратурада, ІІО және басқа мемлекеттік органдарда өкілдік етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспар-шараны жетілдіреді және орындайды. 
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану, халықаралық құқық); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуі тиіс).
Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. 
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. 
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

Телефон:
+7 7212 560 905
г. Караганда
Гоголя 34, 100035