A A A
ҚР мемлекеттік рәміздері Мемлекеттік бағдарламалар Мемлекеттік
сатып алулар
Қазақстан 2050 Қуатымыз - бірлікте
Руководитель
Үсенов Ұлантай Төлеутайұлы
Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы
Опрос
Сайттың жаңару жеделдігіне сіздің бағаңыз?
  • Ақпарат жедел және сапалы жаңарады
  • Ақпараттың жаңаруында мүдіріс бар
  • Жаңару жедел, бірақ кішкентай өлшемдермен
  • Қажетсіз ақпараттар көп
  • Жаңару байқалмайды
Архив

Объявление о проведении конкурса на занятие вакантных административных государственных должностей корпуса «Б»

(2015 жылғы 12 қарашадағы № 187-188
«Орталық Қазақстан» облыстық газетінде жарияланған).

«Б» корпусының бос мемлкеттік әкімшілік лауазымдарының орнына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-О-4 санаты үшін (ішкі қаржылық бақылау бойынша бас маманы): Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; немесе жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
D-O-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 10 қаңтарда № 10080 тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:


Санаты
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

бастап

дейін

Д-О-4

64063

86485

 

«Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ (100012, Қарағанды қ., Әлиханов көш., 13, кабинет №306, анықтама үшін телефон:    8 (7212) 426427, факс: 8 (7212) 410571, электрондық пошта: yekh_karobl@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:
1. «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ ішкі қаржылық бақылау бойынша бас маманы (1 бірлік, № 2-1, санаты D-О-4).
Функционалдық міндеттері: Басқарма жұмысының сапасы мен нәтижелігін арттыру мақсатында қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының бюджет және басқа да заңнамаларының сақталуына тексеріс жүргізеді. Республикалық және жергілікті бюджет қаражаттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаражаттардың мақсатқа сай емес, әрі тиімсіз қолданылуын анықтап, бұлтартпау бойынша жұмыстарды жүргізеді. Ішкі бақылау қорытындылары, бақылау-ревизиялық жұмыстар бойынша есептер мен мәліметтер бойынша қорытынды жасайды. Жүргізілген бақылау іс-шаралары мен ішкі бақылау бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретті органдарының басқа да қабылдаған шаралары бойынша есептер мен ақпараттарды ұсынады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – экономикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, «Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ережесін, бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп мәселелері бойынша заңнамаларын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
2. «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ сумен жабдықтау және су бұру бөлімінің бас маманы (1 бірлік, № 10-3, санаты D-О-4).
Функционалдық міндеттері: Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Ауыз суды беру бойынша нақты көрсетілген қызметтің ұсынылған жиынтық реестріне тексеріс жүргізіп, субсидия төлеу үшін жолдайды. Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау үшін бөлінген бюджеттік қаражаттың қолданылуына мониторинг жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
  Білімі – экономикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Су Кодексін, Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын  және Коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидаларын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. 
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификатосы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген, қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған құжаттары қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер әңгімелесуді Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй – коммуналдық  шаруашылық   басқармасында әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді.  Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. 
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Телефон:
+7 7212 560 905
г. Караганда
Гоголя 34, 100035