A A A
ҚР мемлекеттік рәміздері Мемлекеттік бағдарламалар Мемлекеттік
сатып алулар
Қазақстан 2050 Қуатымыз - бірлікте
Руководитель
Үсенов Ұлантай Төлеутайұлы
Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы
Опрос
Сайттың жаңару жеделдігіне сіздің бағаңыз?
  • Ақпарат жедел және сапалы жаңарады
  • Ақпараттың жаңаруында мүдіріс бар
  • Жаңару жедел, бірақ кішкентай өлшемдермен
  • Қажетсіз ақпараттар көп
  • Жаңару байқалмайды
Архив

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-3 санаты үшін: Жоғары білім; Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 
30 желтоқсанда № 12639 тіркелген, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты, теңге

min

max

D-О-3

109932

148242

 

«Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ (100012, Қарағанды облысы, Қарағанды. қ, Әлиханов. к-сі, 13 үй, анықтама үшін телефон: 8(7212) 42-64-27, факс:8 (7212) 41-11-28, электрондық пошта: yekh_karobl@mail.ruмемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:
«Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ әкімшілік бөлімінің басшысы (1 бірлік, № 4-1, D-O-3 санаты). 
Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімнің қызметі үшін жауапкершілікке тартылады. Субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланғаны бойынша басқарма басшысының мониторинг бойынша ақпаратын дайындайды. Басқарманың құзыретіне кіретін сұрақтары бойынша облыстың орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының тарауларына бөлімдермен бірге ұсыныстар дайындайды, аймақтардың төлқұжаттарын жаңартады. Басқарманың тоқсандық, жылдық жұмыс жоспарларын жасайды, бөлімнің жұмысын тоқсанға, жылға жетілдіреді және жоспарлайды. Басқарманың веб-сайтында ақпаратты орналастыру бойынша жұмысты жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жетілдіреді. Жетекшілік ететін бағыттары бойынша есептер дайындайды, ақпарат жинайды, мониторинг жүргізеді. Басқарма басшысына қол кою үшін құжаттарды дайындауды жүргізеді. Бақылау құжаттарына жауаптардың сапасын тексереді. Басқарма басшысына кол қою үшін берілетін құжаттардың дұрыс рәсімдеуіне бақылау жасайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі. 
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған соңғы күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. 
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады. 
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Телефон:
+7 7212 560 905
г. Караганда
Гоголя 34, 100035