A A A
ҚР мемлекеттік рәміздері Мемлекеттік бағдарламалар Мемлекеттік
сатып алулар
Қазақстан 2050 Қуатымыз - бірлікте
Руководитель
Үсенов Ұлантай Төлеутайұлы
Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы
Опрос
Сайттың жаңару жеделдігіне сіздің бағаңыз?
  • Ақпарат жедел және сапалы жаңарады
  • Ақпараттың жаңаруында мүдіріс бар
  • Жаңару жедел, бірақ кішкентай өлшемдермен
  • Қажетсіз ақпараттар көп
  • Жаңару байқалмайды
Архив

(17.09.2019г ) «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымның бос орнына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің хабарландыруы

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

D-О-2 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3,
E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесі;

7) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

 

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда №14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы  13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2019 жылғы 27 мамырдағы №111 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-O-2

163166,34

220681,59

 

«Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ (100000, Қарағанды облысы, Қарағанды. қ, Гоголь к-сі, 13 үй, анықтама үшін телефон: 8(7212) 56-90-04,  факс:
8 (7212) 56-09-27, электрондық пошта:
as.musagalieva@karaganda-region.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:

«Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысының орынбасары (1 бірлік,
№ 1-1, D-О-2 санаты).

Функционалдық міндеттері:

Энергетика саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады. Бағыттар бойынша облыстық және аумақтық бағдарламаларды әзірлеуге қатысады және үйлестіреді. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны орындауды жүзеге асырады. Электр және жылу энергиясы саласында халықтын қажеттілігін қанағаттандыру, жылу жүйелерінің, электр жүйелерінің, жылу көзінің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша жұмысқа қатысады. Жылу маусымына дайындық және жылу маусымын өткізу бойынша шараларды орындауды бақылауды жүргізеді және әзірлеуге қатысады.Мемлекеттік және аумақтық бағдарламалармен бекітілген қалпына келетін энергия көздерін енгізу, бар жылу және электр жүйелерін модернизациялау, дамыту және қайта құру, газбен жабдықтау, энергияны үнемдеу және энергетиканы дамыту шараларды орындау бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады. Коммуналдық қызмет беру шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады. Коммуналдық төлемдер бойынша мониторинг жүргізуге бақылауды жүзеге асырады.Жылу энергетикалық кешен саласында ғылыми-техникалық және инвестициялық саясатты өткізеді.Қалпына келетін энергия көздерін дамыту және қолдау бойынша жұмысты ұйымдастырады.Жылу және электр энергиямен облыс тұрғындарын тоқтаусыз қамтамасыз ету бойынша энергия кәсіпорындарының қызметін үйлестіреді. Энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділікті көтеру саласындағы шаралар кешенін ұйымдастыруды жүзеге асырады.Тіршілікпен қамтамасыз ету, тұрғын үй және әлеуметтік мәдени тұрмыстық объектілердің қысқы жағдайларда жұмыс істеу бойынша шараларды орындау мониторингін жүргізеді және әзірлейді.Облыстық энергетика қызметінің төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс сұрақтары бойынша құжаттарды (мониторинг) жүргізеді. Салалық бағдарламалардың орындалуын және олардың игеруін бақылайды. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне жеткізілетін жылу энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу жобаларын ведомстволық бағынысты аумаққа орналастырылуын келіседі. Қазақстан Республикасының бас газдандыру сызбасын әзірлеуге қатысады. Тұтынушылардың жылумен пайдалану қондырғысының техникалық жағдайына және пайдалануына бақылауды жүзеге асырады. Күзгі-қысқы кезеңде жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын және олардың жұмыс істеуін дайындауға және жүзеге асыруға бақылауды жүзеге асырады. Жылу желілерінде (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексерулер жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүргізеді. Жылу  желілерін (магистральдық, орамішілік) жоспарлы жөндеу жоспарын келіседі. Күзгі-қысқы жағдайларда барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) дайындық паспорттарын беруді ұйымдастырады. 110 кВ-тық және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары құрылыс қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станциялары үшін техникалық орындылығы туралы қорытындысын беруді ұйымдастырады.тұрмыстық баллондарды және газбен жабдықтау жүйелері объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына бақылау жұмысын ұйымдастырады.Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) келіседі. Құзыреті шегінде жетекшілік ететін салалар бойынша инвестициялық жобаларға салалық сараптама жүргізеді. Коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы (тұрғын үй қоры, ойын-сауық, сауда және қонақ үй кешендері), кондоминиум объектілерін пайдаланатын ұйымдардың қауіпті техникалық құрылғылар (лифттер, эскалаторлар, фуникулерлер) орнатылған объектілерде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерінде лифтілердің, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке алуды және есептен шығаруды жүзеге асырады. Жетекшілік ететін салада мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жергілікті жобаларын жүзеге асырады және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік келісім шарттарына мониторингті жүзеге асырады. Жетекшілік ететін салада жүзе асырылатын мемлекеттік-жеке серіктестік жобаларына қатысты конкурс немесе тікелей кезіссөздерді ұйымдастырады. Жетекшілік салада мемлекеттік-жеке серіктестік жобалары бойынша шарттар жасайды. Жетекшілік ететін сала бойынша цифрлық технологияларды дамытуды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім «техникалық ғылымдар және технологиялар»  (жылу энергетикасы, электр энергетикасы, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі) мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Электр энергетикасы туралы», «Газ және газбен жабдықтау туралы»,  «Азаматтық қорғау туралы» Заңдарын, Қарағанды облысындағы жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидаларын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге  жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-де өтеді. Аталмыш лауазымға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________

__________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсөткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________

_______________________________________________________________

 

________             ____________________________________

(қолы)                  (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 ____ ж.

 

 

 

Телефон:
+7 7212 560 905
г. Караганда
Гоголя 34, 100035