A A A
ҚР мемлекеттік рәміздері Мемлекеттік бағдарламалар Мемлекеттік
сатып алулар
Қазақстан 2050 Қуатымыз - бірлікте
Руководитель
Үсенов Ұлантай Төлеутайұлы
Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы
Опрос
Сайттың жаңару жеделдігіне сіздің бағаңыз?
  • Ақпарат жедел және сапалы жаңарады
  • Ақпараттың жаңаруында мүдіріс бар
  • Жаңару жедел, бірақ кішкентай өлшемдермен
  • Қажетсіз ақпараттар көп
  • Жаңару байқалмайды
Архив

Төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызметтерге шығындарды өтеу

20.04.2020

1. Коммуналдық шығындарды өтеуге құқығы бар адамдардың санаты:

- 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;

- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және мүгедектер мен оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары;

- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

- көп балалы отбасылар;

- ең төменгі зейнетақы немесе одан төмен зейнеткерлер;

- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезінде, әскери қызметте, ғарышқа ұшуға дайындық немесе оны орындау кезінде, адам өмірін сақтауда, заңдылық пен тәртіпті қорғауда қайтыс болған (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

- aтаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.

 

2. Өтемақы коммуналдық қызметтерге арналған келісім-шарт және абоненттің жеке шоты болған жағдайда төленеді.

3. Шығындарды өтеу жоғарыда көрсетілген санаттағы адамдардың өтініші негізінде және карантин енгізілген елді мекендерде (есеп ақы төлеу кезеңінің тұтастығын бұзбай, яғни тиісті айдың бірінші күнінен соңғы күніне дейін жүргізіледі) 2 ай ішінде (сәуір, мамыр) бір тұтынушыға (үйге/пәтер) он бес мың теңге есебінен жүргізіледі.

4. Коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеу үшін тұтынушылар Ақпараттық жүйелер арқылы, ал олар болмаған жағдайда, call-орталық арқылы жергілікті атқарушы органға жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және Жеке шотының деректерін ұсына отырып өтініш береді.

Төмендегі кестеде жұмыс телефондары мен ақпараттық жүйелер арқылы өтініштерді қабылдауға жауапты жергілікті атқарушы органдардың байланыс деректері көрсетілген.

 

- Өтініш үлгісі (PDF)

- Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы (PDF)

 



Басқарма басшысының сәлем сөзі

Демократиялық қоғамның негізгі міндеттерінің бірі болып облыстың бюджеттік ұйымдары қызметі саласындағы түрлі ақпараттарға халықтың еркін қолжетімділігімен қамтамасз ету болып табылады, бұл талаптар Мемлекет Басшысының өткізген еліміздің жалпы-саяси өмірінің реформаларына жауапты. «Қарағанды облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіның сайт беттерінен Сіздер біздің қызметтеріміз туралы толық әрі жетімді ақпараттарды ала аласыздар. Көрсетілген ақпараттар Басқарманың қызметіне қатысты аймақтың энергетика кешенінің дамуы бөлігіндегі жаңа генераторлық қуаттарды енгізу, жылуэнергетикакөздері мен инженерлік коммуникация жабдықтарын қайта жаңғырту және жаңарту жөнінде. Облыстың елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу, тұрғын үй қорын сақтау және ұстау, лифтілік жабдықтарды жөндеу мен қалпына келтіру, аулалық аумақтарды абаттандыру, газбен жабдықтау.

Біздің ақпарат Сіздерді қызықтыратынына және Қарағанды облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының қызметі жөнінде толық ақпарат алуларыңызға септігін тигізеді деп ойлаймын.

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Телефон:
+7 7212 560 905
г. Караганда
Гоголя 34, 100035